Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 12 қаңтар, тіл маманы Нұрмағанбетова Роза Әбдібекқызының туған күні

Бүгін 12 қаңтар, тіл маманы Нұрмағанбетова Роза Әбдібекқызының туған күні.
Нұрмағанбетова Роза Әбдібекқызы (12.01.1940 ж.т.-2020 ж) Қостанай қаласында қызметкерлер жанұясында дүниеге келді. Еңбек қызметін 1960 жылдан Алматы қаласы №69 орта мектептен бастады. 1962 жылы Қазақ Ғылым академиясының Тіл білімі институтына жұмысқа орналасты. 1968 жылы жаңадан ашылған Қазақ Совет энциклопедия редакциясына аға ғылыми редактор болып жұмысқа ауысты. Көп жылғы еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен, "Еңбек ардагері" медалі, "Баспа үздігі" белгісімен марапатталған.