Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Музей қоры жұмысының «Музеолог» бағдарламасымен жұмысын насихаттау.

23 сәуір 2020 жыл

Музей қоры жұмысының «Музеолог» бағдарламасымен жұмысын насихаттау.

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ-сі қорында ерте заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихын сипаттайтын материалдық және рухани мәдениеттің құндылықтары сақталған. Музей жұмысы қорымен байланысты және бұл жұмыс музей заттарын есепке алу, сақтау, ғылыми тіркеу, ұдайы толықтыру және ғылыми паспорттау мен зерттеуге тікелей бағытталған. Музей қорындағы экспонаттар ауданымыздың құрылуы, тарихы, мәдениеті және еңбек майталмандары жайлы мәліметтер береді.Қазіргі таңда музей қызметінде жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы өте зор. Музейде Интернетке қосылған компьютер жүйесі бар. Соның ішінде қор сақтау мақсатында «Музеолог» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. «Museolog» электронды каталогтау бағдарламасын музейде жүргізіп отырған Әлімбаева Әсел Базарқызы.