Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 13 қаңтар, дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Әбеуов Марат Ертайұлының туған күні
Бүгін 13 қаңтар, дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Әбеуов Марат Ертайұлының туған күні. Туған күніңізбен құттықтаймыз Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілейміз
ӘБЕУОВ МАРАТ ЕРТАЙҰЛЫ - (13.01.1958 ж.т., Жангелдин ауд. Көкалат а.) – дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты (1958). 1980 ж Қарағанды мед. ин-тын бітірген соң еңбек жолын Амангелді ауд.ауруханасында бастап, 1985 жылға дейін дәрігер, хирург.бөлімінің меңгерушісі болды. 1985-91 ж госпитальдық хирургия кафедрасының ассистенті, 1991-98 ж. доцент, Қарағанды обл-ның бас хирургі қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қарағанды мед.академиясының анестезиология, урология және ЛОР аурударына байланысты курстар қосылған жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі болып істейді. Ә.60-тай ғыл.еңбектің, емдеу әдістері мен жетілдірілген жаңалықтардың авторы. Ғыл.зерттеулері аралас аурулар мен жарақаттарды, бауыр мен өт жолдары, асқазан, іш, жамбас ауруларын хирург.жолмен емдеу әдістерін жетілдіруге бағытталған.