Бүгін, 14 қаңтар медицина ғылымдарының докторы, профессор Шакенов Дүйсен Іскендірұлының туған күні.
ШАКЕНОВ ДҮЙСЕН ІСКЕНДІРҰЛЫ -14.01.1948ж. Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай селосында туған.1965 ж. Ы.Алтынсарин атындағы Торғай орта мектебін бітірген. 1965-1971ж.а. Ақмола медицина институтын бітірді. 1971-1977 жж. Целиноград қаласының жедел-жәрдем көрсету емханасында хирург болып істеді. 1977 жылдан Қазақ мемлекеттік медицина институтында мұғалім қызметін атқарды. 1987 ж. Омбы қаласында «Перитонит жағдайындағы өкпе ауруларын антиоксиданттармен емдеу тәсілдері» деген тақырыпта диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты атағын алды. 1999ж. Алматы қаласында «Критикалық ишемия жағдайындағы микроциркуляторлық өзгерістерді емдеу тәсілдері» деген тақырыпта диссертация қорғап, медицина ғылымдарының докторы атағын алды. 2003 ж. медицина профессоры атағын алды. 2003 ж. Германияда хирургия мамандығы бойынша тәжірибе алған. 1999 жылы «Критикалық ишемия» атты монография шығарған. 2002 ж. медицина академиясының студенттеріне арналған «Госпитальды хирургия» атты оқулық шығарды. Медицина саласында 5 өнертабыстың, 78 ғылыми жұмыстардың, 37 рационалдық куәліктердің авторы. Қазіргі уақытта Қазақ Мемлекеттік медицина академиясының госпитальды хирургия кафедрасының меңгерушісі. 2002 ж. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағын алған, 2004 ж. «Қазақстан Республикасының ғылыми дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған, 2005 ж. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағын алды.
View the embedded image gallery online at:
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1593-b-gin-14-a-tar-meditsina-ylymdaryny-doktory-professor-shakenov-d-jsen-iskendir-lyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeId03c21594d6
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1593-b-gin-14-a-tar-meditsina-ylymdaryny-doktory-professor-shakenov-d-jsen-iskendir-lyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeId03c21594d6