Бүгін 15 қаңтар, тілші, ғалым, филология ғылымдарының докторы Сапарғали Омарбековтың туған күні.
Сапарғали Омарбеков (15.01.1927, Жангелдин ауд. Торғай – 10.01.2003, Алматы ) - Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1956). Еңбек жолын 1942 ж. Торғай а. кеңесінің хатшысы, ұжымшар есепшісі болып бастаған. 1946-51 жж. осы ауылдағы мектепте сабақ берді, оқу ісінің меңгерушісі болды. 1951-99жж. Аралығында Қазақ КСР ҒА-ның «Хабаршы», «Хабарлар» журналында жауапты хатшы, Тіл білімі ин-тында аға ғыл. қызметкер, ғалым- хатшы, бас ғыл. қызметкер болып істеді. Ғыл. еңбектері негізінен қазақ тілінің тарихи - салыстырмалы жүйесі мен геогр. лингвистика мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалым 1992-96жж. Қазақстанның көрнекті ғалымдары үшін белгіленген мемл. стипендия алып тұрды.
View the embedded image gallery online at:
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1595-b-gin-15-a-tar-tilshi-alym-filologiya-ylymdaryny-doktory-sapar-ali-omarbekovty-tu-an-k-ni.html#sigFreeIdf48bd7a56b
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1595-b-gin-15-a-tar-tilshi-alym-filologiya-ylymdaryny-doktory-sapar-ali-omarbekovty-tu-an-k-ni.html#sigFreeIdf48bd7a56b