Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

17 маусым - Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің туған күні

Бүгін, 17 маусым - ақын, жазушы, ыбырайтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент - мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті, Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің туған күні. Туған күніңізбен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ұзық ғұмыр тілейміз. Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет 1951 жылы Қостанай облысы, Жітіқара ауданында дүниеге келген. ҚазҰУ - ды, Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген. Алматы облысысында "Жетісу", Қостанай облысында "Қостанай таңы" газеттерінде, облыстық телекомпанияда қызмет істеген. "Қазақ тілі" қоғамы облыстық ұйымы басқармасының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облысында бойынша әдеби кеңесші, облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, болып қызмет атқарған. "Азия - Транзит" (Қарағанды), "Сарыарқа" (Астана), "Жас қазақ" журналдарының ақылдастар алқасының мүшесі. Қазақ және орыс тілдерінде поэзиялық және прозалық он жеті кітабы шыққан. Шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Балаларға арналған "Күлімдеді күніміз", "Гүл мен бидай", "Біздің бақша", "Шынар", "Аяз және Қыдыр" атты кітаптары жарық көрген. Өлеңдері орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енгізілген. "Ақсұлу" тарихи драмасының, "Алғыс пен Қарғыс немесе жарық пен көлеңке", "Таза бұлақ" пьесаларының авторы. Бірқатар кітаптарды құрастырған.