Құрметті сот жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді «Судья және сот қызметкері күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі – елімізде адам құқығы мен бостандығы сақталуының, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі.
Осы айтулы күні сот жүйесінің ардагерлерін, сот қызметкерлерін адал еңбегі мен сот жүйесінің дамуы мен қалыптасуына қосқан зор үлесі үшін ризашылығымды білдіреміз.
Мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, жақындарыңызға амандық тілейміз. Барша бастамаларыңыз өміршең болып, қиын да жауапты қызметтеріңізде әрқашанда абырой биігінде болуларыңызға тілектеспіз.