ЖАПАРОВ КӘРБОЗ - (24.06.1944 ж.т., Жангелдин ауд. Қызбел ауылы) – ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі. Қазақ мемлекеттік университетінің есеп-экономика факультетін бітірген (1965). Еңбек жолын «Целинный», «КСРО-ның 50 жылдығы» кеңшарларында экономист болып бастап, «Шобанкөл», «Речной» кеңшарларында бас экономист болып істеді. Қазақтың ауыл шаруашылығы экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, 1980 жылдан Қазақ ауыл шаруашылығы институты бухгалтерлік есеп және қаржы кафедрасының меңгерушісі болып істеді. 2004 ж Ресейдің Свердловск қаласында «Аймақтық азық-түлік қауіпсіздігінің жүйесіндегі аграрлық өндірістің тұрақтылығын көтеру» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1997 жылдан Бизнес және басқару институтының ректоры. Ғалымның 200-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген, оның ішінде 12 оқулық пен оқу құралы баспадан шыққан.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1617-b-gin-24-mausym-alym-ekonomist-ekonomika-ylymdaryny-doktory-professor-k-rboz-zhaparovty-tu-an-k-ni.html#sigFreeIdffb80aac33