Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

28 сәуір 2020 жылы Жеңіске 75 жыл.

28 сәуір 2020 жылы

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

 

ҚОЖАМЖАРОВ ЖҰМАБЕК

1911 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Албарбөгет округінде дүниеге келген. Соғысқа дейінгі жылдарда әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда мүше боп еңбек еткен. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, жаяу әскер қатарында болған. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін, елге оралып, өзі туған Албарбөгет ұжымшарында мал бағып, озат шопан болды. Ұлы Жеңістің 20, 30, 40, 45 жылдығына байланысты медальдарымен марапатталды. 1995 жылдың 19 наурызында қайтыс болды.