6 шілде – Қазақстан Республикасының Астана күні мерекесі. Биыл Астана қаласына 26 жыл толды. Елорда ғажайып ғимараттарымен, ерекше келбетімен, Еуразиядағы сәулетті қалалардың біріне айналды. Елорда дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырып, еліміздің дамуы мен өркендеуінің жарқын белгісі атанып, бүкіл әлемге танылды. Елбасы астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы батыл бастама көтерді, содан кейін 1994 жылдың 6 шілдесінде ұлттық парламентті оны қабылдауға көндірді. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы ресми түрде Қазақстанның астанасы болды және 1998 жылы 6 шілдеде әлемге Астана атауымен таныстырылды. Қазақстан астанасының жаңа тарихта әлемдік ірі іс-шаралардың орталығына айналуы Қазақстан бысшылығының бастамаларымен жүзеге асып келе жатқаны белгілі. Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес. Астана - болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін! Астана күні құтты болсын!
6 шілде - Астана күні