Өмірден озды...
Еңбек ардагері, Жангелдин ауданының құрметті азаматы Қасымов Марат Әнуарбекұлы дүниеден озды.
Ағайын туыс, жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз!
Қасымов Марат Әнуарбекұлы 1943 жылдың 27 маусымында (құжатында 1 шілде) Обаған ауданы (қазіргі Алтынсарин ауданы) Қобыланды ауылында (қазіргі Щербаков) дүниеге келген. Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп интернатты бітіргеннен кейінАлматы қаласының жанындағы Красногорск механизация техникумына түсіп техник-механик мамандығын алып, алғашқы еңбек жолын ЦелинНИИМЭСХ ғылыми зерттеу институтының машина трактор паркінде сынақшы болып бастаған.
Содан кейін Жанкелдин аудандық кәсіптік-техникалық училищеде мұғалім, директордың орынбасары, аудандық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы, аудандық кәсіподақтар советінің председателі, Юбилейный астық совхозының директоры, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Халық депутаттары аудандық советі атқару комитетінің председателі қызметтерін атқарды. Осы қызметтен кейін Қостанай облысы Қамысты ауданы, Краснооктябрьский совхозында сегіз жыл еңбек етіп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында механизация бөлімінің бастығы болып зейнет демалысына шыққаннан соң да үш жылдай еңбек етті.
Марат Әнуарбек Қасымовтың елге жасаған еңбегі еленіп, «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Тың игерудің 30,40,50 жылдықтары, ҚР Тәуелсіздігіне -10 жыл мерекелік медалі, «ВЛКСМ -60 жылдығы» төс белгісі және ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің, облыс әкімі алғыс хаттарымен марапатталған. Қазір облыстық ауылшаруашылығы басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы.