Бүгін 19 тамыз, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Асқар Байжұмановтың туған күні.
БАЙЖҰМАНОВ АСҚАР - (19.08.1939 ж.т., Жангелдин ауд. Шилі а.) – медицина қызметкері, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі (1974ж), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері (1980ж), Арқалық қаласының Құрметті азаматы (1999ж). 1964 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Еңбек жолын Жангелдин аудандық ауруханасында бастап, 1964 жылдан 1971 жылға дейін хирург, бас дәрігер болып істеді. Өлкеде Торғай облысының ұйымдастырылуына байланысты Арқалық қаласына қызметке шақырылып, Торғай облыстық ауруханасында хирургия бөлімінің меңгерушісі (1971-91), облыстың бас хирургі (1991-1997ж), Арқалық қаласындағы орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары (1997-2004ж) болып істеді. Б. 1994 ж ҚР-ның ІІ сайланған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.