Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Қостанайдың 145 жылдығы құтты болсын. Қостанай жыл сайын дамып, өзгеріп келеді. Бұл Даму баршамыздың бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесі

Құрметті жерлестер!

Қостанайдың 145 жылдығы құтты болсын. Қостанай жыл сайын дамып, өзгеріп келеді. Бұл Даму баршамыздың бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесі.

Биыл қала бюджеті 113 миллиард теңгеге жетті, бұл біздің жайлы және заманауи қалалық ортаны құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Біз инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуға қомақты қаражат саламыз, шағын және орта бизнесті қолдаймыз.

Мерейтой барысында облыстың еңбек сіңірген құрылысшыларына мемлекеттік наградалар табысталды. Олардың есімдері жас ұрпаққа өнеге болуы тиіс.

Туған жерге деген сүйіспеншілікпен қаланы көркейтуге себепші болып жүрген әр қостанайлыққа алғыс білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және жаңа жетістіктер тілеймін!