Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін ақын, әдебиет зерттеушісі Қайнекей Жармағанбетовтың туған күні

ЖАРМАҒАНБЕТОВ ҚАЙНЕКЕЙ - (1918 -1974 ж). Қайнекей Жармағанбетов Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты «Шилі» деп аталатын жерде шаруаның отбасында дүниеге келді. Әке-шешесінен ерте айырылған Қайнекей 1932-1934 жж. ол балалар үйінде тәрбиеленді. Торғай қаласындағы жетіжылдық мектепті бітіреді.1934-38 жж. Қазақтың пед. институтқа түсіп, 1941 ж. филология факультетін үздік бітіріп шықты. 1950 ж. бастап творчестволық еңбекпен етене жақын шұғылданды. Оның «Адам туралы аңыз» (1950), «Заман біздікі» (1951) атты өлең жинақтары, «әнші азамат» повесі (1951) әдебиет сүйер қауымның назарын бірден аударды. Содан бері ақынның «бетпақдала очерктері» (1954), «Мұғалима туралы баллада» (1957), «Балладалар» (1962), Дәурен (1969), «Сырлы тал» (1971) атты кітаптары жарық көрді. Ақын, прозашы, зерттеуші, сықақшы және аудармашы белгілі қоғам қайраткерінің зайыбы Ханиса Қанышқызы Сәтбаева – медицина ғылымының докторы, профессор, бірнеше ғылыми зерттеулер мен оқу-құралдарының авторы. Қазақ медицина институтында көп жылдар доцент, профессор, емдеу факультетінің деканы, қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Қайнекейдің тұңғыш ұлы Әділ химик. Екінші ұлы Нұрлан Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірді. «Мың бір түн» мен «Қалила мен Димнаның жекелеген сюжеттерінің ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінде поэзиялық өзгеруі» деген тақырыпта диссертация қорғаған. Әлима Қайнекейқызы – химия ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Катализ және электрохимия институтында аға ғылыми қызметкер. Шаңырақ иесі, қазақтың көрнекті ақыны Қайнекей Жармағанбетовтың рухына қайыра оралсақ, Торғай жұрты зиялы перзентін құрметтеп, ардақтап, оның басына ескерткіш орнатты. Ақын атында Торғай селосында бір көше, шилі ауылында орта мектеп бар. Жангельдин ауданында Қайнекей есімімен кітапхана жұмыс істейді. Ақын Қостанай облысы, Жангельдин ауданындағы кіндік қаны тамған қасиетті ауылы, мәңгілік алтын аймағы Шиліге жерленген.