Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

29 тамыз - Семей ядролық полигоны жабылған күн.

29 тамыз - Семей ядролық полигоны жабылған күн.

2021 жылғы 29 тамызда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың даму тарихындағы әрі жаһандық антиядролық қозғалыстағы маңызды оқиға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.

Семей ядролық полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді, одан бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қазақстанды ядролық полигонды жабу жөніндегі теңдессіз шешімі үшін әлем мойындады. Қазақстанның бітімгершілік үлгісі 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясын 29 тамызды «Халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» деп жариялауға септігін тигізді.

Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.