Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

28 тамыз күні "Өзбекәлі Жәнібеков және музей ісі" атты көрменің ашылу салтанаты өтті

28 тамыз күні Түркістан қаласы "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күніне орай "Өзбекәлі Жәнібеков және музей ісі" атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрменің жалғасы "Қазақстандағы музей ісін дамыту мәселелері" тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел мәжілісіне ұласты. Осы іс шараға Торғай музейлер кешенінің басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы қатысып қайтты.