Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 5 қыркүйек ақын, аудармашы, қоғам қайраткері түркітанушы, публицист, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін 5 қыркүйек ақын, аудармашы, қоғам қайраткері түркітанушы, публицист, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ол 1872 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Ахмет Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебін бітірген.

Тоғыз жасында орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі.

1895 жылы жас Ахметтің оқытушылық қызметі басталып, 1909 жылға дейін ол Ақтөбе, Қостанай мен Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде сабақ береді.Ал Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші мен оқытушы қызметін қоса атқарып жүреді.

Омбыда екі жыл бойы Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымында жұмыс істеді.

"... Сүйегі-Арғын, оның ішінде Үмбетей болады. Бергі аталары Үмбетейден Шошақ, Түбек. Ақаң Шошақтың немересі. Өз әкесінің аты —Байтұрсын"- деп замандасы әрі қаламдасы Мұхтар Әуезов 1923 жылы Ахметке арнаған мақаласында.

Архив. 2022 жыл. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы.