Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Өмірден озды
5 қыркүйек күні физик- ғалым, физика- математика ғылымдарының кандидаты, ақын, сазгер Қайырбеков Төлеухан Қайырбекұлы дүниеден озды. 
Отбасына, туған -туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаны жәннәтта, топырағы торқа болсын ағамыздың!
ҚАЙЫРБЕКОВ  ТӨЛЕУХАН -(1936 ж.т., Торғай) – физик- ғалым, физика- математика ғылымдарының кандидаты, ақын, сазгер. 1988 ж. Қазақ  мемлекеттік  университетінің физика- математика факультетін  бітірген. Осы жоғары  оқу орнында  ассистент, аға оқытушы, доцент (1978 жылдан) болып істеді. Ғалым республикамыздың мәдениеті мен өнеріне де айтарлықтай үлес қосты. Сазгер ретінде 100- ден астам ән мен романс шығарды. Әндерін  Р.Абдуллин, Х.Есімов, З.Қойшыбаева, Ұ.Кенжебеков сияқты белгілі  әншілер орындаған. Музыкалық шығармалары «Домбыра бір күй бар» деген атпен 1958 жылы жеке кітап болып баспадан шықты. Ақын Ж.Сайынның «Күланда» дастанының арқауымен опера жазды.