Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз. Деніңізге саулақ, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
АЙМАҚОВ ОРАЗХАН - (15.09.1941 ж.т.,Торғай) – химик-металлург, ұстаз, доцент. 1963 ж. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1963 ж. Торғай кентіндегі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте ұстаздықтан бастаған. 1869-1883 жылы Қазақстан ҒА-ның химия-металлургия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыды. 1974 – 1983 жылы осы институтта кіші, аға ғылыми қызметкер, Целиноград ауыл шаруашылық институтында оқытушы, оның Көкшетау бөлімшесінде химия кафедрасының меңгерушісі болып істеді. 1983-1987 жылы Қазақстан ҒА-ның органикалық химия және көмір химиясы институтында аға ғылыми қызметкер, 1987-1990 жылы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтында доцент, химия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1990-1996 жылы А.Н.Несмеянов атындағы институтта, 1996-1998 жылы Ресей ҒА-ның аға ғылыми қызметкер болды. 1998 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде химия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Аймақов 220-дан астам ғылыми еңбек жазған, 5 оқу құралының, 5 авторлық куәліктің авторы. 11 магистрлік диссертация жұмысына жетекшілік етті. 2004-2010 жылдары ҚР мемлекеттік инновациялық бағдарламаға басшылық жасады, медицина саласында белсенді емдік дәрілерді алудың биотехнологиясын, «Вифен – отандық жаңа антиозонат» инновациялық ғылыми бағдарламаларын әзірледі. Испанияда, Францияда, Польшада өткен ғылыми конференцияларға қатысып, Польшада, Жапонияда, Ресейде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
View the embedded image gallery online at:
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1707-b-gin-15-yrk-jek-khimik-metallurg-staz-ajma-ov-orazkhan-ajma-lyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeId15134102c7
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1707-b-gin-15-yrk-jek-khimik-metallurg-staz-ajma-ov-orazkhan-ajma-lyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeId15134102c7