Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін, 15 қыркүйек, журналист, ақын Тұрғынбек Шопановтың туған күні.

ШОПАНОВ ТҰРҒЫНБЕК - (15.09.1931 ж.т., Жангелдин ауд. Көкалат а.) – журналист, ақын.  Алматы жоғары партия мектебін бітірді. Қаламгерлік  жолын Жангелдин ауд. «Социалистік ауыл» (1962 жылдан «Жаңа өмір») газетінде бастаған. Қостанай  обл. «Коммунизм таңы» («Қостанай таңы») газетінде қызмет істеді. 1966 жылдан  Қазақ  радиосында аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды, Қазақ кеңес энциклопедиясының бас редакциясында аға ғылыми  редактор болды.