Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін, 15 қыркүйек, ұстаз, экономика ғылымының кандидаты Жетпісбай Бекболатұлының туған күні.
БЕКБОЛАТҰЛЫ ЖЕТПІСБАЙ - (15.09.1955 ж.т., Жангелдин ауд. Бестау а.) – ұстаз, экономика ғылымдарының кандидаты (1999), доцент (2010), Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009). М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1979), Қазақ мемлекеттік басқару академиясының нарық факультетін (1996), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын (2003) бітірген. Университетті бітірген соң «Жазушы» баспасының редакторы, облыстық «Торғай таңы» газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі баспасөз бөлімінің екінші хатшысы, ҚазТАГ-тың аға редакторы, Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы болып істеді (1979 - 91). «Тұран Әлем Банк» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі, Алматы облыстық әкімінің баспасөз хатшысы, бас инспекторы, Алматы қаласы ақпарат басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды (1991 - 2005). 2005 жылдан Қазақ ұлттық университетінің доценті. Б. мемлекеттік басқару, ақпараттық менеджмент, Қазақстанның қаржы жүйесі жөніндегі шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда 60-тан астам зерттеу еңбектері жарық көрген. Қаржы, банк жүйесіне арналған бірнеше сөздіктің авторы. Алаш ақындары Ф.Сатыбалыұлы, Ә.Оспанұлы шығармаларын жинап, зерттелген. Көрнекті қазақ ақыны Қ.Жармағамбетовтың, майдангер ақын Т.Әлмағамбетовтың өмірі мен шығармашылық мұрасы жайлы халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциялар өткізуге мұрындық болды.