Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін, 17 қыркүйек Жангелдин ауданының құрметті азаматы, шежіреші Орекен Алматовтың туған күні

АЛМАТОВ ОРЕКЕН - (09.1937 ж.т., Жангелдин ауд. Аралбай а.) - ұстаз, шаруашылық және қоғам қызметкері. Мендіғара педагогикалық училищесін (1957ж), Алматы жоғары партия мектебін (1970ж) бітірген. Еңбек жолын аудан мектептерінде ұстаздықтан бастап, 1960-1965 ж. Жангелдин аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы болып істеді. Бұдан кейінгі жылдары «Албарбөгет», «Юбилейный» кеңшарлары партия ұйымдарын басқарды. Аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, еңбекшілер депутаттары Жангелдин аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы, аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Тарихи танымдық «Торғай бекінісіне 160 жыл» деген кітабы баспадан шыққан (2005, Қостанай). Ауданда ұзақ жылдар бойы Қазақстан компартиясы Жангелдин ауд.комитеті бюросының мүшесі, аудандық кеңес пен мәслихаттың депутаты болып сайланған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған