Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Өмірден өтті...

Белгілі алаштанушы, тілші - ғалым Ғарифолла Әнес дүниеден озды. Отбасына, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.

ӘНЕС Ғарифолла Қабдолқайырұлы 1957 жылы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында туған. Тілші - ғалым, алаштанушы, публицист, бас­пагер. Филология ғылымдарының док­торы.

1957 жылы 26 тамызда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында дүниеге келіп, 1974 жылы орта мектепті тәмамдаған. 1974 - 1979 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1984 - 1987 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасында оқыған.

ҰҒА - ның А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері. Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің (Жаңалық ауылындағы) меңгерушісі. 1992 жылдан «Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының және «Арыс» баспасының құрылтайшы-президенті. 2013 жылдан «Қазақстан тарихи - ағарту «Әділет» қоғамының» төрағалығын қоса атқарады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, «Ана тілі» газетінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі.

«Құрмет» «Парасат» ордендерің иегері. Бірнеше мерекелік медальдармен ма­ра­патталған.