Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

14 қазан, ақын, аудармашы Шәміл Мұхамеджановтың туған күні.

14 қазан, ақын, аудармашы Шәміл Мұхамеджановтың туған күні.
МҰХАМЕДЖАНОВ ШӘМІЛ – (14.10.1931 – 1980 жж) - - Жангелдин ауданы Торғайда туған. Ақын, аудармашы. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1956) соң «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарып, «Жазушы» баспасында жауапты қызмет атқарды. Алғашқы өлеңдер топтамасы жас ақындардың 1959 ж. баспадан шыққан «жас қанат» жинағында жарияланған. Ақын шығармашылығының бастауы саналатын алпысыншы жылдарда жемісті еңбек етіп, оқырманға «Ана құшағы» (1960), «Қошалақ» (1966), «Көңілашар» (1968) жыр жинақтарын ұсынды. Оның «Күн төбеде тұрғанда» (1972), «Назқоңыр» (1973), «Арқа сүйер тірегім» (1976), «Ақ желкен» (1978) өлеңдер жинақтары ақындық шабыты шарықтаған белесті туындылары болды. 1979 ж. бастадан шыққан, поэтик, үні жоғары, заман тынысын бар дауысымен жар сала жырлаған «Дәуір дауысы» жинағынан кейін, эпикалық ауқымы кең «Жас қанат» (1980) дастандар кітабын ұсынды. Дегенмен, Шәміл шығармашылығында негізінен нәзік те сырлы лирика басым. Сондықтан да ол ұзақ жырлар мен дастан жазуға көп бара бермей, өлеңдеріне сұрапыл соғыс өртіне тап келген балалық шақ, өскен ұя, туған жер, ғажайып табиғат көріністерін көбірек арқау еткен. Ол аз сөзбен көз тойғысыз сұлу сурет жаса біледі. Белгілі бір оқиға , құбылыс, көріністі өрнектей отырып, өмірдің мәні мен ақыры, болашаққа деген үміті туралы философ. тұжырым жасайды. Ал туған жердің табиғатын жырлағанда ерекше шабыттанып, ақын жаны құлпырып, айналасының бәріне жан бітіріп, сүйсіне суреттейді. Сондықтан да ол философиялық ойы мен дүниетанымы, сезімтал лирикасы барынша жақын М.Лермонтов, Т.Шевченко, Р.Ғамзатов, Я.Смеляков сияқты ақындардың өлең- жырларын көбірек аударған. Ақын дүние салған соң «Шабытты шақ» (1981) деген өлеңдер мен дастандар жинағы жарық көрді.