15 қазан, жазушы, журналист Абдуллин Әмірхан Нұржанұлының туған күні.
АБДУЛЛИН ӘМІРХАН НҰРЖАНҰЛЫ – (1937-2018ж) 1937 жылы 15 қазанда Торғайда туған. Журналист, ҚазГУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1955-1958 ж.ж Совет Армиясы қатарында әскери міндетін өтеген. 1958-1961 ж.ж. Жангелдин аудандық «Қызыл Ту» артелінде столяр, фотограф. 1961 жылдан Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» - «Новая жизнь» газеттерінде фотокор, әдеби тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары. 1979-1982 ж.ж. Жангелдин селолық Советі атқару комитеті төрағасы. 1982-1999 ж.ж. Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» - «Новая жизнь» газеттерінің редакторы. 1999-2007 жылдары Жангелдин аудандық Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі. 2007-2009 жылдары Жангелдин аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. «Жангелдин ауданының құрметті азаматы», «Қазақстанның құрметті журналисі».
15 қазан, жазушы, журналист Абдуллин Әмірхан Нұржанұлының туған күні.