Бүгін 20 қазан журналист Анар Төлеуханқызының туған күні. Сізді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
ТӨЛЕУХАН АНАР – 20.10.1961 жылы Жангелдин ауданы Ақшығанақ, қазіргі Шақшақ Жәнібек ауылында туған. Ұстаз, журналист. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын, Л.Гумилев атындағы ұлттық университетті бітірген. Журналистік қызметін Торғай облыстық «Торғай таңы» газетінде 1989 ж бастап, 1993-97 ж аралығында Торғай, Қостанай облыстық теледидарларында, 1997-2001 ж «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында еңбек етті. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет атқарды. Анар Төлеуханның Елорда тарихына қатысты «Тарихтан тәбәрік» тарихи-танымдық хабарлар топтамасы 1998 ж Астана қ-ның әкімі жариялаған байқауда жүлде алды. Журналистің туған жер, Торғай аймағының бай тарихы мен белгілі тұлғалары жайлы танымдық материалдары республикалық басылымдарда жарияланды.
Бүгін 20 қазан журналист Анар Төлеуханқызының туған күні. Сізді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз!