Бүгін 12 қараша ұстаз Қайдар Байдебекұлының туған күні.
Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
БАЙДЕБЕКҰЛЫ ҚАЙДАР - 12.XI.1941 жылы Ақкөлдегі Шөптікөл қоныс орнында туған. 1960 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын Ақкөлде – мұғалім, Южныйда – кадр бөлімінің инспекторы, бухгалтер болып, үш жыл жұмыс істеген. 1963 жылы Алматыдағы КазГУ-дің Экономика факультетіне түсіп, 1967 жылы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, Алматыда инженер-экономистен бастап, 1968 жылдан Қалалық құрылыс-жөндеу тресінің материалмен жабдықтау кеңсенің бастығы, 1973-1985 жылдар аралығында Республикалық трестің бастығы, 1985 жылдан «Жетісу», «Алматы», «Алатау» қонақ үйлерінің директоры. 1992 жылдан Республикалық Қаржы министрлігінің басқарма бастығы болып қызмет атқарған. Республикалық трестің бастығы болып тұрған кезінде туған жері Торғайға контейнерлеп, вагондап, жүк көліктерімен де құрылыс материалдарын жіберткен. Ауданның мерейтойлық салтанатына өз қаражатымен ақшалай көмек көрсеткен. Арқалық қаласының әуежайы құрылысының аяқталуына жәрдемдесіп, мрамормен қамтамасыз еткен. Қолдан келген көмегін туған жері Торғайдан аямаған. Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасымен, Халық шаруашылығы үздігі, Еңбек ардагері белгілерімен марапатталған.