Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

ЕҢБЕК АДАМЫ -2024
Кәсібін сүйіп, ісіне адалдық таныту – еңбек адамының ең бірінші асыл қасиеті. «Еңбек адамдары – ел көшін алға сүйрейтін қуатты күш. Әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. 14 жылдан астам уақыт музейде қызмет атқарып келе жатқан Еңбек адамы –Елеутова Толқын Нағашыбайқызы. 1967 жылы 19ақпанда Жангелдин ауданы Торғай селосында туған. 1984 жылы Ы.Алтынсарин атындағы мектепті тамамдап, 1985-87 жылдары Қостанай кооперативтік техникумын бітіреді. Алғашқы еңбек жолын Торғайдағы Тұтынушылар Одағы мекемесінде товаровед болып жұмыс атқарды. 2010 жылдан бастап музейде жұмыс істейді. 5 баланың анасы. Ардақты Ана. Еңбекқор, кішіпейіл. Әріптестері арасында сыйлы, еңбекке адал қызметкер. Аудандық, мәдениет басқармасының марапат иегері. Президенттің: «Қарапайым еңбек адамына деген құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасау қажет» – деп атап өтуі өте орынды. Тынымсыз тірлік етіп жүрген еңбек адамдары үлкен құрметке лайық.