Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Адам еңбегінің қоғам үшін маңызы зор. Адамның жұмысы оның тұлға ретінде дамуына терең әсер етеді. Бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен таза, адал жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептейміз. Ерінбей еңбек етіп жүрген жанның бәрін еңбек адамы деп білеміз. Күнкөрістің қамын күйттеп, тіршіліктің күйбеңінен қолы бір босамайтын жандарға деген құрмет де ерекше. Сондай жандардың бірі, Смағұлов Бақытқали Төлегенұлы. 1965 жылы 18 ақпанда Торғайда туған. Аудан мекемелерінде, ауылды жерлерде әр салада еңбек етті. Ағамыз музейде 1995 жылдан бастап еселі еңбек етіп келе жатыр, еңбек өтілі 29 жыл. Жауапкершілігі мол, ісіне тиянақты, іске берекелі, әріпьтестері арасында сыйлы азамат. Қажырлы еңбегінің арқасында, аудан әкімі , облыстық мәдениет басқармасы, аудандық мәдениет бөлімі, музей басшысы грамоталарымен марапатталған. Ағамыз әулеттің ұйытқысы, отбасының тірегі, кішіге қамқор аға, үлкенге ізетті іні, ағайынға жанашыр ретінде де өнегесі мол. 3 ұл тәрбиелеп отырған әке. Қиындық кез келген жұмыста болады. Барлығы төзімділік пен шыдамдылықты талап етеді. Иә, адам өз несібесін еңбектен ғана табады. Қолынан келгенін аянбайтын әр адамға әркез сый-құрмет көрсетілуі тиіс.
View the embedded image gallery online at:
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1776-e-bek-adamy-2025.html#sigFreeId8f262cbac2
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1776-e-bek-adamy-2025.html#sigFreeId8f262cbac2