ДОСМАҒАМБЕТҰЛЫ ТАҢАТҚАН - (5.12.1935 ж.т., Жангелдин ауд. Теке өз-нің бойы Тармақ /Шобан/ қонысы) – ғалым-ұстаз, экономика ғылымдарының кандидаты (1971), доцент (1975), проф. (2000). 1958 ж Қазақтың мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын үздік бітіріп, инженер-гидротехник мамандығын алған. Жастар мен студенттердің Мәскеуде өткен бүкіл дүниежүзілік 6-фестиваліне делегат болып қатысқан. (1957). Еңбек жолын өзі оқыған оқу орнында бастаған. Ұстаз-ғалым болашақ мамандарға материалдардың қарсылық күші, құрылыс механикасы, құрылыс теориясы, құрылыс технологиясы, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, құрылыс экономикасы, теміржол құрылысы экономикасы, т.б. пәндерден дәріс берді. Жамбыл технология Институтының Алматы бөлімшесі директорының орынбасары (1970-79), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университетінде құрылыс экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі (1972-76), М.Тынышбаев атындағы Қазақтың көлік және коммуникация академиясының доценті, экономика кафедрасының меңгерушісі (1977-2000) қызметтерін атқарған. «Қазақстанның ішкі суларында балық аулау және тасымалдауды жүйелеу ісін жетілдіру мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғалымның 60-тан астам ғылыми-зерттеу еңбектері, оқулықтары, оқу-әдістемелік кітаптары жарық көрген. Ұстаз 3 рет Алматы қаласы Ленин аудандық кеңесіне депутат болып сайланған.
5 желтоқсан күні жерлесіміз, инженер- гидротехник, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Таңатқан Досмағамбетұлының туған күні