Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 7 желтоқсан, заңгер, көрнекті қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлының туған күні

БІРІМЖАНОВ АХМЕТ ҚОРҒАНБЕКҰЛЫ - (7.12.1871, бұрынғы Торғай оязы, Тосын болысы, 10- ауылы - 5.01.1927, Ресей, Петербург). Орынбор гимназиясын (1891), Қазан университетінің заң факультетін (1899) Алтын медальмен бітірген. 1899 жылдан бастап елдің қоғамдық жұмысына белсене араласып, Орынбор және Троицк округтік, Ақтөбе, Торғай, Бұзылық ояздық заң орындарында жауапты қызметтер атқарды. Әділ де іскер, білімді азамат ресми қызметін атқара жүріп, халық арасында үлкен беделге ие болды. Біліктілігімен, ұстамдылығымен көпшілік бұқараның сөзін сөйлейтін тұлға болып қалыптаса бастады. Сондықтан да Торғай жұртшылығы Бірімжановты 1906 және 1907 ж. Ресейдің І және ІІ Мемл. Думаларына депутат етіп сайлады. Думада ол мұсылман фракциясы төрағасының орынбасары болды. Шен-шекпенге қызықпай, қашан да туралығынан таймағын Бірімжанов империяның ұлттық аймақтарындағы аз халықтар мен қазақтардың мүддесін белсенді түрде қорғап отырды. 1-думаға «Жер комиссиясының қырғыз (қазақ) аймақтарындағы заңсыз әрекеттері» және т.б. зорлық- зомбылықтар туралы мәселе қойып, 2-думада мұсылман фракциясының жер бағдарламасын жасаушылардың бірі болды. 1917 жылғы ақпан төңкересінен кейін елге оралып, уақытша үкіметтің Қостанай оязындағы комиссары қызметін атқарды. Осы кезеңде қызметі жандана түскен Алаш қозғалысына белсене араласып, 2-бүкілқазақ сыязында Алашорда үкіметінің Ұлттық кеңесінің құрамына енгізілді. Ал желтоқсан айында Алаш партиясының Торғай обл. Комиететінің мүшесі болып сайланды. 1918-20 ж Семейде заң кеңесшісі қызметін атқарды. 1920-26 ж. Орынбор, Қызылорда қалаларында Қазақ АКСР-ның Ішкі істер, Заң халық комиссариаттарында жауапты қызметтер атқарды, Жоғарғы сот төралқасында кеңесші, бөлім меңгерушісі болып істеді. 1927 жылдың басында Петербургта дүние салды да, сондағы Волков зиратында жерленген.