Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін, 10 желтоқсан ұстаз, ғалым-химик, химия ғылымдарының докторы, профессор Бірімжанов Батырбек Ахметұлының туған күні

БІРІМЖАНОВ БАТЫРБЕК АХМЕТБЕКҰЛЫ - (10.12.1911, бұрынғы Торғай обл. Орынбор оязы, Бұзұлық қ. – 7.08.1985, Алматы) – ұстаз, ғалым-химик, химия ғылымдарының докторы (1966), профессор (1965), Қазақстан ҒА-ның корреспондент-мүшесі (1970), Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1968). Қазақ педагогикалық институтын (1932), Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1939) бітірген. Еңбек жолын 1934 ж Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент болып бастап, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1954-80) қызметтерін атқарған. 1966 ж. «Физико-химических процессов образования солей Прибалхашья и их использования» деген тақырыпта докторлық Диссертация қорғаған. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарын, тыңайытқыштар химиясын зерттеуге арналған. Бірімжанов құрылықтық тұз түзілу теориясын, Қаратау мен Ақтөбе фосфориттерінен құнарлы тыңайытқыштар алудың технологиялық схемасын, фосфор мен бор қышқылдарын тазарту жолдарын ұсынған; күрделі тұздары синтездеу, еркін конвекция жағдайында қатты денелердің еру жылдамдығын анықтау әдістерін тапты; мирабилитті «күн қазанында» тенардиттеу, шахта пешінде күкіртті натрий өндірудің үздіксіз тәсілдерін, ультрадыбысты пайдаланып, экспрессиялық әдісі анализін өндіріске енгізді. Қазақ тілінде оқулықтар жазып, сөздіктер әзірледі. Ғалым Ленин орденімен, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.