Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін, 14 желтоқсан ғалым-зоотехник, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Әнуар Байжұманұлының туған күні

БАЙЖҰМАНҰЛЫ ӘНУАР - (14.12.1937 ж.т., Жангелдин ауд. Шилі а.) – ғалым-зоотехник, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1966ж), профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері. Алматы зоотехникалық- малдәрігерлік институтын бітірген. Қазақ мал шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының аспирантурасында оқыды. Еңбек жолын осы институтында аға ғылыми қызметкер болып бастаған (1960-1968ж). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында Генетика және мал өсіру кафедрасының меңгерушісі (1968-1992ж) болды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің Ғылым және оқу орындары бас басқармасы бастығының орынбасары, Мал шаруашылығындағы технологиялық саясат және асыл тұқымды мал мемлекеттік инспекциясы бас басқармасының бастығы (1992-1996ж) қызметтерін атқарды. Республикада қой шаруашылығының жаңа бағыты – кроссбред қойын өсірудің ғылыми негізін қалаған. «Дегерес қойы» деп аталған отандық жаңа қой тұқымы авторларының бірі болды. 80 –нен астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Соның ішінде қазақ тіліндегі «Мал өсіру», «Мал өсіру және селекция», «Шопанның оқу кітабы», «Қой тұқымын асылдандыру», «Қой тұқымын асылдандыру», «Қой төлдетуді ұйымдастыру», «Жылқы өсірушінің анықтамалығы», «Селекция сырлары» сияқты оқулықтар мен бірнеше сөздік, анықтамалықтары бар.