Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін, 15 желтоқсан ұстаз, физик-математик Закарин Асқар Закарияұлының туған күні

ЗАКАРИН АСҚАР ЗАКАРИЯҰЛЫ – (15.12.1908-1990)қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы 9-ауылында туған. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, физик-математик. 1948ж. кандидаттық диссертация қорғады. 1970 жылдан профессор. Москва мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін бітірген (1937). 1937-41 ж. Қазақ педагогикалық институтында оқытушы болып істеді. 1941-46 ж. 100- қазақ ұлттық атқыштар бригадасы құрамында екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1950-53 ж. Қазақ педагогикалық институтының, 1953-55 және 1961-70 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, 1970-84 ж. осында кафедра меңгерушісі, 1955-58 ж. Қазақ КСР-ының Оқу министрі, 1958-1963 ж. Қазақ КСР-ы Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР-ы Сыртқы істер министрі, 1963-67 ж. Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1951-70 ж. Қазақстан компартиясы ОК-нің мүшесі, СОКП 22 және 23-сыяздарының делегаты, 4-7 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.