Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Даркенов Құрманғали Ғазезұлының туған күні

Бүгін, 15 желтоқсан тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Даркенов Құрманғали Ғазезұлының туған күні. Туған күніңізбен құттықтаймыз Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

ДАРКЕНОВ ҚҰРМАНҒАЛИ ҒАЗЕЗҰЛЫ - 15.12.1959 ж. Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Тауш селосында тудым. 1976 жылы Қаратүбек орта мектебін бітірген соң, бір жыл комсомол-жастар бригадасында етті. 1977 жылы С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы) Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығына оқуға түсіп Университетте және жоғары оқу орындары арасындағы өткен ғылыми конференцияларға қатысты. 1982 ж. Москвада өткен ВЛКСМ-нің ХҮІІІ съезіне КазГУ-ден делегат ретінде қатысты.1983 ж. жоғары оқу орынын бітірген соң Торғай облысы, Жанкелдин ауданында тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі болды.

1985 ж. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына (АрМПИ) оқытушылыққа шақыртылды.

1987-90 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің күндізгі бөлімінде аспирантурада оқыды. «Қазақстанның ауыл селоларындағы білім беру ісінің тарихы (1917-1940 жж.) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1990 жылдан АрМПИ филология факультеті деканы орынбасары, 1995 жылдан қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің деканы, 1997 жылдан орыс филологиясы факультетінің деканы, 2000-2004 жылдың қыркүйегіне дейін тарих және құқық факультетінің деканы қызметін атқарды, 2004 ж. қыркүйегі-2005 жылдары Павлодар мемлекеттік институтының доценті, 2005-2007 жж. тарих және құқық факультетінің деканы, 2007-2009 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, 2009-2010 жж. қыркүйегіне дейін ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметінде болды. 2000 жылы Жоғары Аттестаттау Комиссиясы (ВАК) шешімімен доцент атанды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жүйелі айналысуда: 200 ге жуық ғылыми және танымдық мақалалар жариялаған. Мақалалары Болгарияда (Варна университетінде), Ресейде (Москва, Новосибирск, Орынбор, Омбы қалаларында), Франция, Австрия, Венгрия, Германия, Чехия, Қазақстанда жарияланды. «Қазақ зиялыларының тағдыры» (2017 ж., 210 бет), «Қазақстандағы білім беру ісінің тарихынан (ХХ ғасырдың 20-30 жылдары)» тақырыбында екі монография (198 бет) және төрт оқу құралын шығарған. ҚР Президентінің Алғыс хаты, ҚҰ Білім және ғылым министрінің грамотасы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісімен мараптталған. ҚР Ақпараттану Академиясының мүше-корреспонденті. Қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің «Аймақтану» кафедрасында қызмет атқарады.