Бүгін 5 қаңтар, ғалым-биолог, ұстаз Кенжебаев Жұмаш Ерекешұлының туған күні.
КЕНЖЕБАЕВ ЖҰМАШ ЕРЕКЕШҰЛЫ–5.01.1934 жылы Жангелдин ауданы Бестау ауылында туған. Ғалым- биолог, ұстаз, биология ғылымдарының кандидаты (1972). Еңбек жолын 1961 ж. Абай атын. Алматы пед. ин-тын бітірген соң Алматы обл. Нарынқол ауд. «Сарыжаз» ұжымшарындағы орта мектепте пәндерінен дәріс берген.
1963 ж. Қазақстан ҒА Зоология ин-тына лаборант болып орналысып, 1963-66 ж. осы ин-ттың аспирантурасында оқыды.
1972 ж. канд. диссертация қорғады. 1980 ж. бәсекелестік байқауда үздік шығып, Алматыдағы Оба ауруларына қарсы күресу ғыл.-зерт. ин-тына аға ғыл. қызметкер болып орналасты. Ғалым осы кезеңнен бастап Қазақстан ормандарында тіршілік ететін ақтиын биологиясы мен экология мәселелерімен айналысты. Ин-ттың сүтқоректілер зертханасының паразитология зертханасына ауысып, қосқанатты қансорғыш тасшыбын насекомдарын зерттеумен шұғылданды. Ғалымның 200- ден астам ғыл.еңбегі жарық көрген.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1815-b-gin-5-a-tar-alym-biolog-staz-kenzhebaev-zh-mash-erekesh-lyny-tu-an-k-ni-2.html#sigFreeIdbf138b4b59