Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, ғалым-этнограф, ақын, қазақ жазба әдебиеті мен қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы — Ыбырай Алтынсаринның 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің салтанатты ашылған күні.
Ұлы педагог қазақ ортасында үстемдік құрған қоғамда надандық пен зұлымдықты жою мақсатында ол ел жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып ғана емес, сол игілік істі жүзеге асыруға да көпшілік арасында қыруар жұмыс атқарып, үлкен үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашты. 1864 жылдың қаңтар айының 8-жұлдызында ұлы ағартушы ашқан Торғай уезіндегі тұнғыш оқу орнының дүниеге келуі тек Ыбырай үшін емес, жалпы қазақ даласындағы аса маңызды оқиға болды.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1819-ybyraj-altynsarinny-1864-zhyly-8-a-tarda-mektepti-saltanatty-ashyl-an-k-ni.html#sigFreeId9f0490c231