Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

11 мамыр 2020 жыл Жеңіске 75 жыл

11 мамыр 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

 

ЕРҒАЛИЕВ ӘБДІСАЛЫҚ

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шеген ауылына қарасты Игібай көлінің жағалауыга орналасқан "Бесқопа" деген жерде 1922 жылдың 19 маусымында дүниеге келген. Ел басына күн туған заманда әулеттің жалғыз ұлы соғысқа аттанып, жаяу әскер құрамындағы ауыр атқыштар артиллериясына кіреді. Староконстантинов, Житомир, Чертков, Гусятин, Залещики,Проскуров, Львов,Самбор, Дембица, Ченстохов, Шумск, Ямполь,Остропль Ратибор, Бискау, Виттенберг қалаларын алған және Изяславль қаласындағы үлкен теміржол стансасын жаудан азат еткен. Львов,Синдомир бекінісін,Бреслау, Бриг, Олау,Тамаскирх,Гротт, Оппельн,Ноеметадт,Штрелен,Рыбник қалаларын бағындырған. Ұлы Жеңісті өз қаруластарымен бірге немістің Дрезден қаласында қарсы алған. Отанымызды жаудан азат етуде 23 жердегі қан төгіске қатысқаны үшін Кеңес Одағының Жоғары қолбасшысы, Маршалы И. Сталиннен грамота алған."Қызыл Ту" ордені және "Маршал Жуков", "Ерлігі үшін", "Прага қаласын азат еткені үшін", "Соғыс кезіндегі ерен еңбегі үшін" медальдарымен марапатталған. Елге 2 топтағы мүгедек болып оралды. Елге келген соң Жангелдин аудандық кеңесінің хатшысы, сауда саласында, малды ауылдардың басшылық қызметтерін атқарды. 80-нің сеңгіріне шыққанда өмірден озды.