11 мамыр 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
ОМАРОВ ИГІСІН
1924 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жаркөл ауылында туған. 13 жасында Торғайға келген. Әскери комиссариат 1942 жылы қарашада армияға шақырған. 43 жеке ротаның артиллерия базасында атқыш боп ұрыстарға қатысқан. Соғыста бірнеше рет жарақат алған, ІІ топтағы мүгедек. Елге тек 1946 жылы наурызда оралған. Аудан орталығындағы мекемелерде атшы, ағаш шебері жұмыстарын атқарған. 1962 жылдан зейнетке шыққанға дейін аудандық малдәрігерлік стансиясында шаруашылық жағын басқарған. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен марапатталған. 2007 жылдың 27 наурызында Торғайда қайтыс болды.