12 ақпан күні Мәжіліс депутаты Берік Тұрсынбекұлының туған күні. Туған күніңізбен құттықтаймыз! Отбасыңызға амандық, жұмысыңызға табыс тілейміз. БЕЙСЕНҒАЛИЕВ БЕРІК ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ - 12.02.1966 ж. Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай ауылында дүниеге келді. Ебней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген. 1994-1995 жж. - «Компьютерлік емдік-диагностикалық жүйе» ұжымдық кәсіпорында бас есепші. 1995-1996 жж - «Казкоммерцбанк» банкі дилинг басқармасының дилері. 1996-1997 жж. - «Alеm Bank» Kazakhstan» Қарағанды басқармасы бастығының орынбасары. 1997-1998 жж. - «Тұран-Әлем Банкі» ЖАҚ Ақмола филиалының бастығы. 1998-2004 жж. - «Алматы сауда-қаржы банкі» АҚ-ы Астана қалалық филиалының директоры. 2004-2006 жж. - «АТФ Банк» АҚ-ының басқарушы директоры, «АТФ Банк» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары. 2006-2009 жж. - «Аstana Capital Investment Group» инвестициялық компаниясының бас директоры қызметтерін атқарған. 2009 - 2012 жылдың қыркүйек айына дейін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2012 ж. «Темiрбанк» АҚ-ы директорлар кеңесінің төрағасы. Экономика ғылымдарының кандидаты. 2018 ж. ҚР.ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды. Құрмет орденімен марапатталған.
12 ақпан күні Мәжіліс депутаты Берік Тұрсынбекұлының туған күні.