Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

17 ақпан ұстаз, журналист, аудармашы, мемлекет қайраткері Исабеков Бөлебайдың туған күні.

17 ақпан ұстаз, журналист, аудармашы, мемлекет қайраткері Исабеков Бөлебайдың туған күні. Исабеков Бөлебай 17 ақпан 1906 жж.- 1997 жж. қолөнершінің отбасында бұрынғы Торғай оязы Сужарған ауылында дүниеге келген. Торғай кентіндегі мектепті бітірген соң еңбек жолын 1925 ж. ояздық тұтынушылар одағында есепшіліктен бастаған. 1927-1932 ж. аралығында Мәскеу, Воронеж қалаларында жоғары білім алған. 1933-1936 ж. Қазақстан Тұтынушылар одағы саласында жауапты қызметтер атқарды, Сауда техникумын ұйымдастырып, оның алғашқы директоры болды. 1936-1938 ж. Алматы педагогикалық училещесі оқу бөлімінің меңгерушісі ,1938-40 ж. Қазақ КСР Оқу комиссариаты басқармасын, 1940-41 ж. Қазақ КСР Министрлер кеңесінің лито басқармасын басқарды. 1943 жылдан Қазақстан компартиясы ОК-нің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, жоғары оқу орындары және мектеп бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1945-52 ж. Қытай қазақтарында арнайы шығарылатын «Қазақ елі» журналының алғашқы бас редакторы болды. Бірнеше күрделі аударма кітаптары жарық көрді. 1952-1961 ж. аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының кеңсе басқарушысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің заң бөлімінің меңгерушісі, 1961-67 ж. Қазақ КСР Министрлер кеңесінің кеңесшісі, 1967-68 ж. Консулдар бөлімінің 1- хатшысы қызметтерін атқарды. 1968 жылы «Мектеп» баспасының директоры болды.