Бүгін 18 ақпан көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері экономист-ғалым, экономика ғыл.докторы, профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері Сағадиев Кенжеғали Әбенұлының туған күні.
Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы - (18.02 1938 жж. – 25.07.2020 жж.) Жангелдин ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Алты балалы (үш ұл, үш қыз) отбасында өсіп, заманның таланттыға жолбасшы болар жақсылығымен мектепті медальмен үздік тәмәмдап, Қазақ мемл. ун-тін бітіреді.Еңбек жолын ассистенттіктен бастайды. Мәскеудегі Г.В.Плеханов атындағы институттың аспирантурасына түсіп, сол ғылым ордасында шыңдалды. Кенжеғали Әбенұлы 1966 жылдан аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтерін атқарды. Қазақ мемл. экономика институттарының ректоры, Халықаралық бизнес университеттерінің ректоры , 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты жұмысын атқарды. 1988 жылдан болашақ мамандарды қазақ тілінде оқыту жүйесі қолға алады. Сағадиевтың ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты материалдық-техникалық жабдықтаудың экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері, Қазақстандағы экономика реформа теориясы мен әдіснамасы. 240- тан астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Оның ішінде 32 монографиясы мен жеке кітаптары бар. Кенжегали Әбенұлының жетекшілігімен 6 ғалым доктор, 32 жас зерттеуші кандидаттық диссертация қорғаған. Ғылым саласында қол жеткізген жетістіктері үшін 1992 ж. Кембридж университеті Ұлыбритания халықаралық Өмірбаяндық орталығының «Жыл адамы» атағын алған. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі», «Парасат», «Барыс» (2008) ордендерімен марапатталған.