Бүгін 19 ақпан күні ғалым - биолог, ұстаз, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері Бетембаева Махфуза Мәтқызының туған күні.
Бетембаева Махфуза Мәтқызы – (19.02.1928 ж.т., Торғай – 2019 ж.).
1950 жылы Мәскеу тоқыма институтын бітірген соң оның аспирантурасында оқыды. Еңбек жолын 1953 ж. Қазақстан ҒА-ның Биология институтында бастап, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі болып істеді. 1963 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарды. Ғалымның 100-ге жуық ғылыми еңбегі жарық көрген.