12 мамыр 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
ТАЙШЫҚОВ РАҒАТ
1904 жылы Торғайдың Сарысу қонысында дүниеге келген, әуелде серіктестікте, кейін ұжымшарда малшы болды. Әскерге 1942 жылы шақырылып, 1945 жылдың шілдесіне дейін ұрыстарға қатынасты, 24 ЗСП атқышы болды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, кейін Жеңістің атаулы жылдарында мерекелік белгі-медальдармен марапатталды. Бейбіт уақытта әуелі ұжымшарда, кейін «Албарбөгет» кеңшарында озат шопан болды. 1989 жылы дүниеден өтті.