Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін «Айтыстың ақтаңгері», жерлесіміз Айбек Қалиевтің туған күні

Бүгін «Айтыстың ақтаңгері», жерлесіміз Айбек Қалиевтің туған күні. Туған күніңізбен құттықтаймыз Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық және шығармашылық табыстар тілейміз.

Қалиев Айбек Киікбайұлы 1978 жылы 19 ақпанда Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Тәуіш ауылында дүниеге келген. Айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

1994 жылы Қаратүбек орта мектебін, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін үздік бітірген. 1998-2001 жылдары С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетінде оқытушы, аға оқытушы, 2001-2009 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің деканы. Арқалық қалалық мәслихатының депутаты. 2006 жылы академик Рымғали Нұрғалидың жетекшілігімен «Торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Халықаралық, республикалық ғылыми басылымдарда қырыққа жуық ғылыми мақаласы басылған.

2012 жылы "Торғай ақындық мектебі" атты филолгия факультетінің студенттеріне арналған оқулық , Орта мектептің 10 сыныбына арналған гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша «Қазақ әдебиеті» пәні оқулығының ,орта мектептің 9 сыныбына арналған гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқулығын да құрастырушылардың бірі.Бірнеше дүркін Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері.