Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

23 ақпан, ұстаз, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі Ғазиз Әмірхановтың туған күні

ӘМІРХАНОВ ҒАЗИЗ - (1927. Бұрынғы Торғай оязы, Қызбел, Теке өз. бойы – 2005, Торғай) – ұстаз, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі (1978ж). Арғы аталарынан бастап дін ғұламалары болған Ғазез әуелі ескіше оқып, сауатын ашқан. Кейін кеңес мектебінен 7 жылдық білім алған. Меңдіғара педагогикалық училищесін (1950ж), Абай атындағы Қазақ мемлекеттік институтын (1955ж) бітірген.

Еңбек жолын Жангелдин ауданындағы Еңбек, Албарбөгет, Тоқанай бастауыш мектептерінде мұғалім болып бастап, ұзақ жылдар шәкірттерге дәріс берді (1942-195ж). 1955-1969 ж аралығында Қаратүбек, Қарасу, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептердің директоры болды. 1969-1987 ж Жангелдин аудандық оқу бөлімін басқарды. 1987-1990 ж. Жангелдин аудандық музейінің директоры болып тағайындалып, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Жангелдин атындағы музейлерді, мектептер жанынан ұйымдастырылған Шақшақ Жәнібек батыр, Ы.Алтынсарин мұражайларын ашуға көп еңбек сіңірді. Аудан жамағатына дін жолын уағыздап, Торғай кентінде медресе-мешіт ашуға басшылық жасап, оның алғашқы имамы болды (1990-1992). 1993 ж мұсылмандардың қасиетті орталығы Меккеге қажылық сапар шегіп қайтты.