СЕЙІТБЕК НҰРҚАНОВ - 1927 жылы 23 ақпанда Жангелдин ауданы Көкалат ауылында туған. Меңдіғара педагогикалық Училищесін (1949), Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын (1957) бітірген.
1957-60 ж аспирантурада оқып, еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушылықтан бастаған. Бұдан кейін Қазақ КСР ҒА-ның Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер (1961-68;1971-88), Қазақ кеңес энциклопедиясының бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-71), Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық Ақпарат институтында бөлім меңгерушісі (1992-93) болып істеді.
Оның 50-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектері жарық көрген. Ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыты қазақ тілінің синтаксисі, сөз тіркестері, этнолингвистика, этномика және топонимика мәселелері. Ғалым-антрополог, венгер мадияры Тибор Тот пен үрколог, қыпшақ Мандоки Коньермен (Қоңырмен) бірге Дунай және қазақ мадиярларының, венгер және қазақ қыпшақтарының тарихи-этникалық байланыстарына арналған аса күрделі ғылыми бағдарламаны жүзеге асырды.