Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін – қазақтың ұлт көсемі, Алаш ардақтысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туған күні

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды.

Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.

“Мемлекеті жоқ жұрт – жетім” деген сөзі оның бүкіл өмірлік мақсатының айнасы іспетті.

Ұлт тәуелсіздігін тек қана қарумен емес, біліммен, ғылыммен, өркениет жолымен алуға үндеді.«Халықтың жер мәселесі, экономикалық һәм мәдени дамуы, саяси бостандығы жайлы батыл ойлар айтты.