Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

13 мамыр 2020 жыл Торғай мұражайлар кешенінің қорындағы құнды жәдігерлер топтамасынан

13 мамыр 2020 жыл

Торғай мұражайлар кешенінің қорындағы құнды жәдігерлер топтамасынан

Сіздердің назарларыңызға қордағы жәдігерлер топтамасын ұсынамыз. Жәдігерлеріміздің өткен тарихын біле жүрейік.

Мұражай кешеніндегі құнды жәдігерлердің бірі жез Самаурын. Самаурын- су, шәй қайнатуға арналған тұрмыстық бұйым. Самаурын қазақ жеріне ХІХ-ғасырдан бастап қолданысқа енді. Самаурын жасаудан Ресейдің Тула қаласының ұсталарының даңқы шыққан. Біздің қордағы Самаурын 1803 жылғы. Сыртында Баташов атындағы фабриканың медалы орналасқан. Қорға 1987 жылы наурыз айында ауыл тұрғыны тапсырған. Тіркеу кітабында Акт № 61, КП- 279 номерімен 18.03.1987жылы тіркелген. Самаурын су құйылатын резервуардың ішіне металл түтік орнатылған, отын сонда жанады. Мұражай қорын байытып отырған жәдігерге айналды.