Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 1 сәуір, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспановтың туған күні

Туған күніңізбен құттықтаймыз! Отбасыңызға амандық, денiңізге саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз!
ОСПАНОВ СЕРІКБАЙ - ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент 01.04.1945 ж. Қостанай облысындағы Жангелдин ауданының, Шилі кеншарында, Балдай қоңыс орнында туған. 1963 жылы Қамысты ауданыңдағы Бестау орта мектебін бітіргеннен кейін өзі туып өскен Шилі кеңшарындағы сегіз жылдық мектепте аға пионервожатый болып еңбек жолын бастады. 1968 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, республикалық радио редактор (1968-1978), «Жалын» баспасының поэзия редакциясының меңгерушісі (1978-1996) қызыметтерін атқарды. 1997 жылдан бері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент. Өлен жазуды мектеп қабырғасында жүргенде бастаған ақынның алғашқы өлендер топтамасы республикалық« Жазушы» баспасынан 1967 жылы шыққан «Жер жүрегі» 1969 жылы шыққан «Жас керуен» жинақтарына енсе, тұңғыш поэзиялық жинағы осы баспадан 1971 жылы жарық көрді. 1975 жылы «Жарқын жастық» («Жазушы»), 1977 жылы «Қайнар бұлақ» («Жалын»), 1979 жылы «Қоңырау гүл» («Жалын») 1981 жылы «Айгүл» («Жалын»), 1982 жылы «Алтын арқау»(«Жазушы»), 1984 жылы «Батыр туралы баллада» («Жалын»), 1985 жылы «Тіршілік тамыры» («Жазушы»), 1987 жылы «Назқоңыр» («Жалын»), 1990 жылы «Балдай таудың баурайында» («Жалын»), 1992 жылы «Шашу» («Жалын»), 1992 жылы «Бесік» («Өнер»),1995 жылы «Қадір түні» («Жалын»), 2001 жылы «Сага» баспасынан «Публицистика» сол жылы «Ғылым» баспасынан «С.Мәуленов журналист, публицист», 2004 жылы « Ахмет өскен ақындық орта» атты оқу құралдары, «Жазушы» баспасынан «Қараторғай» деген өлендер жинағы жарыққа шықты. 1982 жылдан Қазықстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1986 жылы СССР Жоғары Советі президиумының жарғысымен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1995 жылы Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың, 2003 жылы Ж.Әбдірашев атындағы Қазақстан аграрлық партиясының, сол жылы Қостанай меценаттар клубының, сол жылы А.Байтұрсынов атындағы сыйлықтың, сол жылы Қазақстан композиторлар одағымен республикалық Қазақ радиосы ұйымдастырған «Жаңа ғасыр, жаңа ән» сайысында Ескендір Хасанхалиевтің әніне жазылған «Ауылды аңсау» мәтіні бас жүлде алды. Алғашқы топтама өлендері «Жер журегі» (1967), «Жас керуен» (1969) ұжымдық жинақтарына енген. Содан бергі жылдары бірнеше жыр жинақтары, аударма өлеңдер, балаларға арналған кітаптары баспадан шықты. Зеріттеуші–ғылым ретінде «С.Мәуленов-журналист, публицист» (2001), «Публицистика» (2001), «Ахмет өскен ақындық орта» (2004), «Алтынсариннің айналасындағы адамдар» (2006) монографиалық еңбектерін оқырманға ұсынды. 200-ден астам ән мәтінін жазды. «Жаңа ғасыр, жаңа ән» сайысының бас жүлдегері болды Жамбыл атын.халықар, А.Байтырсынов атын.сыйлықтардың лауреаты атанды. 2001 ж. Қостанай әкімінің сыйлығына ие болды. Бірнеше медалдармен марапатталған. 2001 жылы Серікбай облыс әкімі жарияланған әдебиет конкурсының «Балаларға арналған әдебиет» номинациясында бірінші орынды жеңіп алып, лауреат атағымен әкім сыйлығына ие болды. 2003 жылы Қазақ радиосының «Ән шырқайық...» бағдарламасында айдың үздік ән мәтінің авторы деп танылып, дипломымен марапатталды. 2001 жылдың 4 сәуірінде А.Байтұрсынов атыңдағы Қостанай мемлекеттік университеті ғылыми кеңесінің шешімімен Серікбай Оспановқа журналистика кафедрасы бойынша университет доценті академиялық атағы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі жоғары атестациялық комитетінің 2003 жылғы 24 маусымдағы шешімімен (9 хаттама) әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.